Тақырыптар

2015 жылдың 25 қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясы кедейшілікті жою, планетамызды қорғау, бейбітшілікті нығайту және жалпыға ортақ гүлденуді қамтамасыз ету мақсатында 17 Тұрақты Даму Мақсаттарын (ТДМ) бекітті. Орталық Азия елдерін қоса алғанда, барлық мемлекеттер осы бастаманы қолдап, 2030 жылға қарай қазіргі және келешек ұрпақтар үшін өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыс жасауға толықтай белсене ат салысатындарын жариялады.

Алға қойған мақсаттардың қаншалықты жүзеге асатындағы барлық тараптар – БҰҰ, үкіметтер, азаматтық қоғам, бизнес өкілдері, тұрғылықты халықтар, және де зерттеушілер - арасындағы әріптестік деңгейіне байланысты болады.

Аталған Форумға қатысуға ұсыныс берілген жобалар БҰҰ тұрақты даму мақсаттарының кез-келгенімен байланысты болуы қажет.

Тұрақты даму мақсаттары:

  • Кедейшілікті жою
  • Аштықты жою
  • Сапалы денсаулық және әл-ауқат
  • Сапалы білім
  • Гендерлік теңдік
  • Таза су және санитария
  • Қолжетімді және таза энергия
  • Лайықты жұмыс және экономикалық өсу
  • Индустрия, инновация және инфрақұрылым
  • Теңсіздікті азайту
  • Тұрақты қалалар мен елді-мекендер
  • Жауапты тұтыну және өндіріс
  • Климаттың өзгеруімен күрес
  • Теңіз экожүйесін сақтау
  • Құрлық экожүйесін сақтау
  • Бейбітшілік, әділеттілік және күшті институттар
  • Мақсаттарға арналған серіктестік