Мақсаттар

Форумның басты мақсаты - Орта Азиялық зерттеушілер үшін аймақтың тұрақты дамуына бағытталған серпінді ғылыми жобаларды талқылайтың алаң ұсыну.

Форумның жұмысы қазақстандық және орталық азиялық ғалымдардың назарын БҰҰ тұрақты даму мақсаттарына бұруға бағытталған.

Оған қоса, Форум тұрақты дамуға бағытталған ғылыми жобаларды іс жүзінде жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұйымдар мен бизнес өкілдері арасынан серіктестер мен қолдаушыларды іздестіруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, аймақтағы жас ғалымдар мен индустрия өкілдері арасында тығыз әріптестік орнайды деп күтүлуде.

Сондай-ақ, Форум Қазақстан мен Британ университеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және институционалдық байланыстарды орнатуға жол ашады. Атап айтқанда, Ұлыбританиядағы Форум Ұлыбританияның жетекші он (10) университеттерінің қатарына кіретін Лафборо университетімен бірлесіп ұйымдастырылады. Лафборо университеті тұрақты даму бойынша ғылыми жобаларды іске асырудың мол тәжірибеге ие.