Қазақстандық ұлттық компаниялардың қатысуымен өтетін бос орындар жәрмеңкесі

Қазақстандық ұлттық компаниялардың қатысуымен өтетін бос орындар жәрмеңкесі
  • Лондон
  • 00
    Күн
  • 00
    Сағат
  • 00
    Мин
  • 00
    Сек

Ұлыбританияда оқитын қазақстандық студенттердің назарына саламыз!

Cіздерді Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігі, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және PhD Ассоциациясы Лондонда өтетін бос орындар жәрмеңкесіне шақырады.

Бос орындар жәрмеңкесі сіздерді қазақстандық еңбек нарығындағы ұсыныстармен таныстырады, сондай-ақ бітіргеннен кейін табысты жұмыс істеу үшін қажетті мәліметтер туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Қазақстандық компаниялар үшін алдағы жәрмеңке британдық беделді университеттердің үздік түлектерін тарту мүмкіндігін береді. Осылайша, іс-шара білікті мамандарды Отанына қайтаруға және олардың табысты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қатысамыз десеңіз, мына сілтеме арқылы форманы толтыруыңызды сұраймыз.

Ұқсас Іс-шаралар
Job Search Strategies
  • University of Aberdeen