PhD докторанттарының ең сүйікті 10 подкаст ұсынысы

PhD докторанттарының ең сүйікті 10 подкаст ұсынысы



KPAUK мүшелері ең сүйікті 10 подкаст арналарын ұсынады. Подкасттар танымал білім мен көңіл көтерудің қайнар көзіне айналуда, өйткені оны көліктің ішінде, фитнес залында немесе тамақ дайындау кезінде тыңдауға әбден мүмкін. Youtube және Instagram сияқты медиа платформалармен салыстырғанда, подкасттардың дыбыстық сапасы анағұрлым жақсырақ, өйткені жазудың жоғары технологиялық құралдарын қажет етеді және маңызды емес дыбыстар өңделеді. Подкасттар табысқа жетуге ұмтылатын, бос уақыты жеткіліксіз және жұмыс кезінде ақпарат алғысы келетін адамдарға арналған.

WorkLife with Adam Grant: A TED original podcast
Психолог Адам Грант жұмысты көңілді және қанағатты іске айналдыру туралы ғылымды зерттейді. Оның подкасттары сіздің жұмысқа деген сүйіспеншілікті арттыра түседі.

Find your B
“Find your B” (B деген батыр - қазақ тілінен аударғанда батыл жігіт / супермен) подкаст арнасы тыңдаушыларға ішкі жігер пен сенімділікті табуға, өздерін қабылдауға және өздерін әлемге паш етуден ұялмауға көмектеседі. Жүргізуші пост-советтік елдерден және Қазақстаннан шыққан ерекше, креативті, батыл және сүйікті ітсерін тапқан адамдардан сұхбат алады.

TED Talks Education
Әлемнің ең ақылды адамдардан білімге деген көзқарастарын талқылайды. Білімнің болашағы қандай болмақ? Біздің миымыздың ең жоғары әлеуеті қандай?

BBC inside science
Подкаст иесі және жүргізушісі доктор Адам Резерфорд генетик, көптеген кітаптар мен мақалалардың авторы, өзінің эфирлік бағдарламаларында ғылыми түсініктерімен бөліседі.

BBC4 Podcasts
BBC4 подкастына спорттық сұхбаттан бастап журналистердің тергеуіне дейінгі бағдармалардың кең спектрі кіреді.

Как учиться
Подкаст авторы Эльдар Құдайбергенов: «Оқуды одан да жақсырақ білгісі жане менгергісі келетіндерге арналған подкаст». Ол Қазақстандықтар үшін өзекті және қызықты тақырыптарда пікірталастар жүргізеді. Мысалы, пандемия кезіндегі онлайн-білім алу және Қазақстанда оқудың неге оңай екендігі туралы.

Личная эффективность
Никита Маклахов, жеке тиімділік пен пайдалы әдеттер маманы, жемісті жұмыс пен өмірдегі ләззатты қалай үйлестіру туралы кеңес береді.

Чай, кофе, поболтаем?
Оксфордта тұратын жерлесіміз Бота қонақтарымен өмір тақырыптарын талқылайды. Оның сұхбатын тыңдай отырып, сіз Ботаның үйінде шай ішіп отырғандай сезінесіз. Подкасттарда шынайылық пен жанжылулық атмосферасы бар.

Oprah’s supersoul conversations
Аңызға айналған Опра өзінің тыңдаушыларын өмірдің мәнін іздеу, шынайы тәжірибелерді талқылау және ерекше тұлғалармен кездесу туралы терең сұхбаттасуға шақырады.

Осознанный отец
Ізашар Эльдар Құдайбергенов Қазақстандық қоғамда әлі жетілдіріп талқыланбайтын саналы әкелік туралы тақырыбында подкаст жүргізеді. Оның студиясына ер адамдар әен болу бақыты мен қиындықтары жайлы әңгімелерімен бөліседі.

Чтобы комментировать, зарегистрируйтесь или авторизуйтесь