Қантсыз өмір тәтті!

Қантсыз өмір тәтті!

Бүгін біз Др. Динара Галиевамен профилактикалық медицина және аурулардың алдын алу үшін қандай пайдалы әдеттерді ұстану керектігі туралы сөйлесеміз.

Бүгін біз Др. Динара Галиевамен профилактикалық медицина және аурулардың алдын алу үшін қандай пайдалы әдеттерді ұстану керектігі туралы сөйлесеміз. Динара Эдинбург Университетінде денсаулық сақтау саласында докторантураны бітірді және қазіргі уақытта Назарбаев Университетінде сабақ береді. Сонымен қатар, Динара - педиатр, диетолог және интегративті тамақтану менторы.


— Динара, сіз неге сау тамақтану тәлімгерлігімен кәсіби айналысуға бел будыңыз?

Көп уақытты отырып жұмыс істеу, жылдар өткен сайын ағзаның жасармайтынын, қуат азаятынын, ағзада белгілі бір бұзылыстар болатындығын түсініп, бұрынғы 20 жастағы жастық шақтың жұмыс қабілеттілігі мен өміршеңдігін қалпына келтіргім келді. Әсіресе 40 жылдан кейін гипоксия белгілері мен дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі қаупі жоғарылайды. Мысалы, гипоксияның симптомдары: шаршау, ұйқышылдық, есте сақтау қабілеті мен танымдық қабілеттердің нашарлауы, ішек аурулары, шаштың түсуі, терінің құрғауы. Егер сіз ағзаңызды тыңдап, әлсіреген күйіңізге профилактикалық жұмысты бастасаңыз, сіз өзіңізді ресурстық күйде ұстап, ағзада жүретін патологиялық процестерді едәуір бәсеңдете аласыз. Әйтпесе, созылмалы аурулардың дамуы әдбен ықтимал. АҚШ-тың тамақтану институтындағы оқу арқасында, мен бір жағдайға көзім жетті. Ол - денсаулық адамның өз қолында, оның өмір салтына, тамақтануына және физикалық белсенділігіне байланысты. Қант диабеті, гипертония, семіздік сияқты көптеген заманауи аурулар бұрыс өмір салтының салдарынан дамиды, өйткені қазіргі кезде адам қант, фастфуд және газдалған сусындарды өзінің аталарына қарағанда әлдеқайда көп тұтынады. Сондықтан адамдарға дұрыс тамақтану әдеттері туралы білім беру өте маңызды деп санаймын. Адам, тіпті бала, азық-түлік дүкенінде өнімдерді дұрыс таңдай білуі керек.

— Динара, вирустық аурулардың әсерін барынша азайтуға болады ма?

Әрине, бұл мүмкін, тіпті қажет. Менің теориялық және практикалық тәжірибеме сүйінсек, тамақтану және иммундық жүйесі арасындағы тікелей байланыс анық. Тамақтану әдеттерді мен физикалық белсенділікті өзгерту арқылы адам вирсутардан аулақ болады.

Ең алдымен, сіз диетаңызды тазартуыңыз керек: қантты, кәмпит, шоколад және торт сияқты тәттілерді алып тастаңыз. Қант ағзада қабынуды тудырады, сонымен қатар оттегінің жасушаларға өтуін жоққа шығарады. Нәтижесінде, оттегі аштығы немесе гипоксия туындайды. Оттегісіз иммундық жасуша вирустармен күресе алмайды, сондықтан диетадағы қант ағзаның иммундық жүйесін айтарлықтай төмендетеді.

Қанттан бас тарту қиын, себебі ол тәуелділікті тудырады. Дегенмен, рационға көкөністер, жемістер, шөптер мен дәнді дақылдарды біртіндеп қосу арқылы қанттқа тәуелділіктен құтылуға болады. Біздің әрқайсымызда қышқыл немесе сілтілі болатын ішкі орта бар. Көкөністер мен көктер ағзаны сілтілі етеді. Зиянды өнімдер, керісінше, тотығады. Вирустар мен бактериялар қышқыл ортада дамиды. Олар қанттың есебінен көбейіп, қантты көбірек тұтынуға шақырады, осылайша тамақтану әдеттерімізді билейді. Бұл жабық шеңберден тамақтану әдеттеріңізді өзгерту арқылы шығуғв болады.

— Динара, қалада қолы жұмыстан босамайтын фаст фудпен жиі тамақтанатын адамға сіз қандай кеңес берер едіңіз?

Біріншіден, мен сізге өзіңіз тамақ дайындаңыз деген кеңес берер едім. Мысалы, ланч боксқа қияр, қызанақ, сәбізді салып әзірлеу үшін көп уақыт кетпейді. Дүкеннен зиянды тағамдар сатып алудан гөрі пайдасы молырақ тамақ болып табылады. Екіншіден, ас үйде тамақ пісіруге уақыты болмайтын бос емес адамдар өздерінің арсеналында бірнеше жылдам әрі жеңіл тағам рецептері болу керек. Сонымен қатар, мәзірді алдын-ала жоспарлап, 2-3 күн бұрын өнімдер сатып алған жөн. Үшіншіден, үйге дайын тағамдарды шығындалып импульсивті түрде тапсырыс беруден гөрі, тамақтарды үйде 2 күнге алдын ала дайындауға кеңес беремін. Жұмыстан кейін қайта жылытқан уақытты және ақшаны үнемдейді.

— Динара, сіздің күнделікті рационыңыз неден тұрады?

Мен аскетикпін және менің мәзірім бәріне сәйкес келе бермейді деп ойлаймын, бірақ жеке өзім жеңіл және жігерлі болып сезінемін. Мен рационымда глютеннен бас тарттым. Глю ағылшын тілінен «glue» сөзінен шыққан, яғни желім дегенді білдіреді. Қамыр илегендегідей, ол да біздің ішектерімізді жабыстырады және қоректік заттардың ішек қабырғаларына сіңу процесін бұзады. Мен глютенді күріш пен қарақұмық ұнынан жасалған нанға ауыстырдым. Оның үстіне мен күнделікті рационнан кофеин мен лактозаны алып тастадым. Адам қартайған сайын сүт ферменттерін сіңіру қиынға соғады және олар асқазан, ішек пен ішектің жолында кебулер пайда болуын тудырады. Мен сиыр сүтінің орнына бадам мен жаңғақтан жасалған өсімдік сүтін ішемін. Менің диетамның басым бөлігі көкөністерден, жемістерден, шөптерден, дәнді дақылдардан, жаңғақтардан, етден, балықтан, құс етінен тұрады.

— Қадірлі Динара, мен сізге сұхбат үшін алғыс білдіремін!

Пайдам тигенім үшін қуаныштымын. Шақыруыңызға рахмет!

Чтобы комментировать, зарегистрируйтесь или авторизуйтесь