Қазақстанның болашағы үшін көлдерді сақтап қалу

Қазақстанның болашағы үшін көлдерді сақтап қалу

Бүгінгі мақала Маржан Байғалиеваға арналған. Маржан Бурабайдағы көлдердің балансын зерттеумен қоса, жалпы Қазақстандағы су резервуарларын сақтау жолдарын іздестіруде. Кең өлкемізде Арал теңізіндей дағдарыстың болуына жол бермеу керектігін Маржан айрықша баса айтты. Алайда, ғаламда болып жатқан климаттың және экологиялық өзгерістерге орай, Қазақстанның су қоймалары азайып, жоюлып кетуі әбден мүмкін.

Маржан Байғалиева Ноттингем Университетінде геоақпараттық ғылым (GIS) саласы бойынша докторантура бітірген. Ол зерттеу тақырыбы ретінде Бурабайдағы көлдердің су балансын модельдеуді таңдады. Маржан - Шығыс Қазақстанда орналасқан Семей қаласының тумасы. Ол Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде (Өскемен) бакалавр дәрежесін аяқтады. 2012 жылы Болашақ стипендиясының иегері атанып, Ирландияның Дублин университетінде магистратура бағдарламасын бітірді. Маржан қазір Назарбаев Университетінде жұмыс істейді. Назарбаев Университеті оның Ұлыбританияның Ноттингем университетіндегі докторантура оқуының демеушісі болды.

Маржан геоақпараттық ғылымды (GIS) экологиялық зерттеулердің ең тиімді және инновациялық әдісі ретінде анықтайды. Маржан өзінің докторлық диссертациясының Қазақстан үшін су ресурстары мен табиғи су ресурстарын басқару саласындағы маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, Бурабай көлдеріндегі су деңгейі үнемі төмендеп барады. Бұл үрей тудыратын жағдай өйтені аумақтың экологиялық рөлі аса маңызды, сондай-ақ Бурабайдағы туризмін дамытуға бөлінген инвестициялардың улесі аса зор. Суды шамадан тыс пайдалану және климаттың өзгеруі Бурабайдағы су ресурстарына әсер етіп, аймақтағы экологиялық ахуалды нашарлатуы мүмкін деп болжайды Маржан.

Маржан әрбір докторантураны ерекше деп санайды. Оның жеке тәжірибесінен алғанда, PhD оқу оны кәсіби маман ретінде жетілдірді. Докторантура оның интеллектуалды қабілетін, жеке қасиеттерін жақсартуға көмектесті. Оның жұмысқа деген көзқарасы едәуір өзгеріске ұшырады, өйткені диссертациядағы қажырлы еңбек оның өзін-өзі басқаруы мен ұйымшылдығын арттырды. Сонымен қатар, Маржан жұмыс пен жеке өмір арасындағы балансты сақтауға кеңес береді.

Маржанның Ұлыбританиядағы студенттік өмірінде ұнаған ең жақсы нәрселердің бірі - оның зерттеудегі тәуелсіздігі. Маржан сонымен қатар Ноттингем университеті қызметкерлерінің кәсіпқойлығын атап өтті, бұл зерттеу үшін өте пайдалы болды. Жалпы, Маржан докторантурада өзін бақытты сезінді, алайда ол отбасын қатты сағынғанын жасырмайды.

Өткенге көз жүгіртіп, докторантурада өткізген кезеңін ой елегінен өткізе отырып, Маржан әдебиеттерді қарауға тым көп уақыт жұмсағанына өкінеді. Ол докторлық диссертацияңызды бастаған кезден бастап ғылыми мақалаларды оқып жатқанда жазбалар жасауға кеңес береді, бұл диссертация жазуға уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол әдеби шолу жазуды методологиялар мен нәтижелер сияқты тараулар жазылғаннан кейін ғана бастауды ұсынады.

Маржанның айтуынша, GIS-тің Қазақстандағы рөлі маңызды, өйткені ол суды басқаруды және елдегі экологиялық мәселелерді түсінуді едәуір жақсартады. Қазақстанда GIS әдістері Орталық Азиядағы экологиялық, климаттық, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық трагедиялардың ең танымал мысалдары болып табылатын Арал теңізінің жоғалуы сияқты экологиялық апаттардың алдын алуға көмектеседі. Осылайша, Маржан су ресурстарының тұрақты дамуы мен табиғи су объектілерін басқарудаға көмектескісі келеді. Оның үстіне, Қазақстан теңізге жолы жоқ ел болғандықтан, болашақта климаттың өзгеруінен туындайтын су тапшылығы жағдайының әбден ықтимал.

Бес жыл ішінде Маржан өзін Назарбаев Университетінде профессор ретінде жұмыс істеп, Орталық Азиядағы суды басқару мен климаттық зерттеулерге үлес қосуды жоспарлап отыр.



Чтобы комментировать, зарегистрируйтесь или авторизуйтесь