Арқалықтың докторанты ғылым мен аналықты қатар алып жүрүі жайлы

Арқалықтың докторанты ғылым мен аналықты қатар алып жүрүі жайлы

Сұхбаттың кейіпкері Самал Рединг Университетінде ауыл шаруашылығының экономикасы саласында оқиды. Сонымен қатар, Самал адал жар және ардақты ана, Англиядағы оқу кезінде дүниеге қыз әкелді. Самал өзінің күрделі әрі қызықты доткоранттық өмірінің сырларымен және жанұялық кеңестермен мақалада бөліседі.

Самал Қалиева Рединг университетінде «Ауыл шаруашылығы экономикасы» мамандығы бойынша докторантура оқып жүр. Оның зерттеу тақырыбы Қазақстандағы сүт кооперативтерінің жетістігін зерттеу туралы. Самал Арқалық қаласында көп балалы отбасында туып-өскен, одан басқа үш ағасы бар. Мемлекеттік мектепті алғыс бағалармен бітірген соң, Самал С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ университетіне экономика факультетіне грантқа оқуға түседі. Сол жоғары оқу орнында магистратураны да тәмәмдайды.

Самал Еуразия ұлттық университетінде жұмыс істеп жүрген кезде, оқытушы болғысы келетінін және ғылыми жұмыстармен айналысқысы келетінін түсінеді. Жоғары оқу орнында жұмыс істеу көбінесе докторантураны қажет ететіндіктен, Самал PhD оқуына түсуге шешім қабылдайды. Ұлыбританияны таңдау Самал үшін айқын болды, өйткені ол ағылшын тілінің отаны.

Ұлыбританиядағы білім беру жүйесі Самалға академиялық ресурстардың қол жетімділігі мен молдылығымен ұнайды. Мысалы, Рединг Университетінің есігі әрқашан келушілерге ашық, студенттер мен басқа да адамдар кампус бойымен емін-еркін жүре алады. Самалдың күйеуі оны оқуы аяқталғанша кітапханада қызықты кітапты оқып күтеді. Бұл факторлар адамды білімге үйірмелейді де оқуды тартымды қылып көрсетеді. Керісінше, бұрын Самал оқыған және жұмыс істеген Қазақстандық университеттеріне жеке куәліктері бар студенттер мен жұмысшылар ғана кіргізілетін. Сонымен қатар, PhD студенттер өздерін және зерттеулерін университет үшін маңызды екенін сезінеді себебі академиялық ресурстар мол, кітапханалар жақсы жабдықталған және әрбір докторант студентіне компьютері бар жеке офис беріледі.

Самал үшін Англиядағы ең үлкен мәдени шоктардың бірі - ағылшындардың аяқ киімдерін үйде кірер алдында шешпеуі. Сондай-ақ, жалға берген үйлерін (пәтерлерін) иелер кілттерімен еркін ашып, клиенттерге үйде ешкім болмаған кезде көрсете беретіндері Самалды таң қалдырды. Оның үстіне, Самал далада жане қоғамдық жерлерде қалдырып кеткен заттарына ешкім тиіспейтіні үйреншіктісіз болған. Самалды таң қалдырған тағы бір құбылыс - жергілікті тұрғындардың аялдамаларда жане басқа жерлерде ұзын кезекте тұруға шыдамдылықтары, сондай-ақ автобус жүргізушісінің кезекте тұрған әрбір пассажирді автобусқа отырғанша күтүдің сабырлығы.

Қазақстандықтар мен британдықтардың арасындағы ұқсастықтары жайлы айта кетсек, екі халық та ашық конфликтерді болдырмауға және бетке жағымсыз нәрселер айтпауға тырысады. Мысалы, британдықтар бір нәрсені жаман деп санаса да, «өте жақсы» деп айтулары әбден мүмкін. Бірақ британдықтардың біздің азаматтардан айырмашылығы - олар бәрін алдын-ала жоспарлайды және күтпегендіктер өте сирек кездеседі. Біреудің үйіне ескертусіз бару мәдениетсіздік болып саналады, тіпті жақын әріптестер мен достар болса да.

Самал болашақ докторантура студенттеріне екі құнды кеңестерді бергісі келеді. Бірінші кеңес - шаблонды басынан бастап қолдану, яғни диссертацияны бір стильде жазу, абзацтар мен беттерді нөмірлеу және библиографияны ретке келтіру. Екіншісі - пайдаланылған әдебиетке EndNote немесе Mendeley бағдарламаларын қолдану. Бұл кеңестер жұмыс барысында көп уақытты үнемдеуге көмектесті.

Оқудың ортасында қызын босанғаннан кейін, Самалға аналық міндеттері мен зерттеулерді келістіру қиынға соқты. Самал мен жұбайы екеуі де отбасыларын асырау үшін оқу мен жұмыстарын бірге алып жүреді өйткені стипендия олардың шығындарын толықтай өтемейді. Отбасылық студенттерге үй жалдау жалғызбасты студенттерге қарағанда әлдеқайда қымбат. Самал мен оның жұбайы кезектесіп, баламен үйде отырады, ал екінші ата-ана жұмыспен немесе оқумен айналысады. Академиялық жетістіктерге қол жеткізу үшін, жеке тәртіп, уақытты дұрыс қолдану жане жақын адамдардан қолдау алу керек. Самал шетелде оқып жүрген кезінде күйеуі мен қызының қасында болғанына риза, бұл оған үлкен демеу болып табылады.

Самапдың екі супервайзерлері оның жүктілігі жайлы білген кезде, Самалға қолдау көрсетіп, өздерінің бала тәрбиелеу тәжірибелерімен бөлісті, өйткені екеуінің де үлкен балалары бар. Босанғаннан кейінгі қиындықтарды айрықша баса айтып, супервайзерлер Самалға қырық күндік декреттік демалыс алуға кеңес берді.

Самал мен күйеуі Ұлыбританияда мейірімді және досшыл адамдармен таныскандарына ризашылық білдіреді. Олар не расизмге не дискриминацияға тап болған жоқ. Самалдың жұбайы ағылшынша сөйлей алмай, мейрамханада ас үйдің ассистентінен баристаға дейінгі қызметке өсті. Ол өзінің еңбекқорлығы, жұмысқа деген талпынысы және жаңа тілді үйренуге деген ықыласы арқасында өсіп өнді. Ерлі-зайыптылар өздерінің отанын шетелде мақтанышпен тек жақсы жағынан көрсетіп жүр. Самалдың күйеуі екі жыл қатар «Жылдың үздік қызметкері» сыйлығын алуы - соның дәлелі. Сонымен қатар, Самал кез-келген еңбектенген адам, терісінің түсіне немесе тіл деңгейіне қарамастан, Ұлыбританияда жетістікке жете алады деп сенеді.

Жалпы, Лондонға жақын шағын қалада өмір өте қарбалас. Самал қазақтардың достық қарым-қатынасын ерекше атап өтеді, бұл атаулы даталарды бірге атап өтуде байқалады. Бос уақытында Самал спортпен айналысады, оның ішінде теннисті айпықша ұнатады. Университетте бірге оқитын шетелдік достары мен әріптестерімен Самал жақсы қарым-қатынаста. Олармен кампуста кофе ішуге кездесіп, түрлі тақырыптарды талқылайды. Сондай-ақ, қаладағы мекемелерге кешкі ас ішуге шығып тұрады.

Чтобы комментировать, зарегистрируйтесь или авторизуйтесь