PhD докторанттардың пандемия кезіндегі өнімділіктері

PhD докторанттардың пандемия кезіндегі өнімділіктері

Біздің KPAUK Ассоциациясының докторанттары мен докторлары пандемия кезінде оқудың жаңа қиындықтарын қалай жеңетіндерін және, сонымен қатар, жаңа шектеулер жағдайында тиімділікті жақсарту бойынша ұсыныстарымен оқырмандармен бөліскілері келеді.

Пандемия адамзаттың өмірін өзгертті және COVID-пен байланысты шектеулер неғұрлым ұзаққа созылатын болса, соғұрлым біз бұрынғы жағдайға ешқашан оралмайтынымызға сеніміз артуда. Басында тәжі бар билеп-төстеуші вирус жұмыс істейтін адамдардың көпшілігін үйде қамап тастады, оның ішінде докторанттар да бар. Әлемдегі бірнеше ондаған мың жоғары оқу орындары өздерінің кампустарын және тіпті кітапханаларын жапты, осылайша студенттерді әдеттегі жұмыс орындарынан айрылтты. Күзгі семестрдің басталуымен үйлер және кофе-дүкендер сияқты қоғамдық орындар тыныш кеңселер мен кітапханаларға альтернатива болды және, нәтижесінде, үйдің бос бұрыштары кеңсеге өзгеріп, ас үй және тұрмыстық үстелдер интеллектуалды шығармашылық аймағына айналды. Оқу және жұмыс режимін жаңа орындарға ауыстыру адамнан бейімделуді және өнімділіктің жаңа ережелерін талап етеді. Біздің KPAUK қауымдастығының докторанттары мен докторлары оқырмандармен жаңа қиындықтардың амалын табу жолдарын және пандемияның кезіндегі тиімділікті арттыру бойынша ұсыныстармен бөліскілері келеді.

Докторанттардың кейбіреулері оқудағы қиындықтарды мойындайды, және үйдегі шу мен басқа шаруалар кесірінен оқудың өнімділігі төмендеуін сызып айтты. Мысалы, отбасылы ғалымдардың бірі атап өткендей, пандемияға дейінгі сегіз сағаттық жұмысы екі есеге азайды себебі күйеуі мен балалары үйден жұмыс істеуге және оқуға ауысты. Алайда біздің Ассоциация мүшелері үйде тиімді жұмыс істеудің бірнеше ережелерін анықтады.



Біріншіден, докторанттар тапсырмалар тізімін дұрыс жоспарлауға кеңес береді, дәлірек айтсақ, ұйқыдан оянардан бір күн бұрын немесе таңертең алдын-ала ең маңызды міндеттер тізімін жасау керек. Кейбір зерттеушілер Шамиль Аляутдиновтың триллионердің күнделігін сәтті қолданды, ол мақсаттарды құрылымдауға және міндеттерге бағдарланған кестені құруға көмектеседі. Күнделікті жоспарлау әдісі «Кайзеннің тапсырмалар тізімі» біздің әріптестеріміздің арасында өз қолданысын тапты, бұл тапсырмаларды «қойма», «жоспарланған», «аяқталмаған» және «аяқталған» папкаларына бөледі. Бұл әдістің артықшылығы жазылған жоспарлардан ойлар босатылып, жаңа істерге көңіл бөлу болып табылады. Әйтпесе, барлық жоспарланған нәрселерді есте сақтау үшін үнемі солар жайлы ойлану қиын сияқты.

Біздің докторанттардың екінші кеңесі - таңертең жұмыс жасаңыз себебі оянғаннан кейін денеде энергия көбірек болады. Күннің бірінші жартысында зейін мен ойдың жоғары шоғырлануын қажет ететін зияткерлік жұмысқа уақыт пен күш жұмсай отырып, түстен кейін сіз өзіңізді үй шаруасына және басқа да ақыл-ой функциясын қажет етпейтін жұмыстарға арнай аласыз. Алайда докторанттардың кейбіреулері түстен кейін жұмыс істегенді жөн көреді, өйткені өнімділік тәуліктің осы уақытында артады.

Сонымен қатар, пандемия кезіндегі үйде жұмыс істеу күндері көп атқарымдылық (multitasking) сияқты дағдыларды дамытудың керемет мүмкіндігі бар. Бірнеше докторанттар бір заңдылықты атап өтті: басқа міндеттемелерге толы күндер анағұрлым тиімдірек өтеді. Үйден тыс қашықтықтағы жұмысты өздерінің мүдделерімен айналысатын адамдар көбейіп келеді. Мысалы, сіздің ас үйіңізде түсірілген аспаздық сабақтардың бейнелері, сіз оқыған кітаптар туралы жеке блог, электронды технологияға шолу немесе ғылыми бейнелер туралы арна үйден отырып-ақ түсіруге болады.

Нәтижелі жұмыс жасаудың төртінші ережесі - сапалы ұйқы. Өздеріңіз білетіндей, сапалы және уақтылы ұйқы ойлау белсенділігі мен физикалық төзімділікті жақсартады, бұл компьютер алдында жақсы әрі ұзақ жұмыс істеуге ықпал етеді. Жақсы ұйықтау тәсілдері туралы толығырақ "Как решить проблему бессонницы" мақаласында сипатталған.

Сонымен қатар, бір докторант күн сайын сіздің алдыңызда белгілі бір міндетті мақсатты қоюға кеңес береді. Бұл, әдебиеттерді жалпы оқудан тыс, күніне 20 беттік ғылыми жарияланымдарды міндетті түрде сапалы оқу және оқылғандардың қысқаша мазмұнын жазу болып табылады.

PhD докторанттарының айтуы бойынша жұмыс кеңістігінің қажеттілігі: бос үстел, компьютер, жақсы интернет, кофе және ыңғайлы орындық. Тапқыр және қарапайым!

Алайда, қауымдастықтың кейбір мүшелері жоғарыда аталған ғалымдардың еңбек өнімділігі туралы кеңестеріне сын көзбен қарады. Олардың пікірінше, тұрақты тиімділік - миф. Қажетті нәтижеге жету үшін күніне жоспарланған тапсырмалардың минималды саны жеткілікті. Керісінше, өзіңіздің істер тізіміңіздегі барлық істерді аяқтаймын деп шамадан тыс үміттену мотивацияның төмендеуіне және өзіне деген сенімділіктің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Ғалымдардың бірінің айтуы бойынша, күніне максимум екі нәрсені ғана істей бастағаннан бері ол өзін бақытты, сабырлы және тиімді сезіне бастады. Кейде мақсаттарыңызға жаңа көзқараспен қарау үшін міндеттеріңізді ұмытып кету пайдалы және қажет болады. Зерттеуге жұмсалмаған уақыт, шын мәнінде, босқа кетпеуі мүмкін, өйткені осы кезеңде адам миы жұмыс туралы ойлауды тоқтатпады. Осындай үзілістердің нәтижесінде адам бір күнде жіберіп алған барлық күндердің жұмыс көлемін жаза алады.

Сонымен қатар, біздің қауымдастық мүшелері сізге «жеке тиімділік» туралы әдебиеттерді көп оқудан аулақ болуға кеңес береді. Әріптесіміз атап өткендей: «Бұл дұрыс тамақтану жайлы кітаптарды тым көп оқу сияқты - ұнамсыз кірбің мен құлазу сезімдері қалады».



Чтобы комментировать, зарегистрируйтесь или авторизуйтесь