Әр бала жанұяда тұру керек

Әр бала жанұяда тұру керек

Доктор Әйгерім Мұсабалинова - қоғамымызды жетім балалардың жаңа сүйікті отбасын табатындай елге айналдурыға үлесін қосқысы келетін жанқияр әрі батыл ғалым. Оның ғылыми жобалары Қазақстан азаматтары арасында бала асырап алу мен тәлімгерлікті насихаттауға бағытталған. Әйгерімнің арманы - Қазақстанда барлық жетім үйлердің жабылуы.


Др. Әйгерім Мұсабалинова Англияның Сассекс Университетінде төрт жылдың ішінде докторлық дәрежесін алды. Әйгерім Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан Семей қаласында дүниеге келген және қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда тұрады. Оның отбасында ата-анасы, інісі және ата-әжесі бар.

Әйгерімнің диссертациясы «баланың отбасында өмір сүру құқығы» тақырыбында болды және оның ғылыми қызығушылықтары патронаттық тәрбиедегі балаларға жаңа отбасыны табу мәселелерін қамтиды. Әйгерім бұл тақырыпқа 2011 жылы Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған сапарынан кейін қызығушылық танытты. Осы сапар кезінде елде балалар үйінің мүлдем жоқ екендігі оны таң қкалдырды. Ол журналист ретінде жұмыс істеген кезде жазғы лагерьлерде және қайырымдылық шараларында кездескен барлық балаларды еске түсіре бастады. 2010 жылы Әйгерім мен оның әріптестері жәрдем берген отбасылық типтегі ауылда балалармен ұзақ әңгімелесу кезеңдер оған қатты әсер етті. Әйгерімнің жетім балалар туралы және балаларын тастап кеткен ата-аналарға заңды жазаны қолдану туралы ғылыми қызығушылықтары қазақстандық академиктер арасында жауап таба алмағанына қарамастан, ол 2013 жылы «Бала отбасында өмір сүруі керек» қоғамдық қозғалысына қосылды. Әйгерім жобадағы қызметін жетім балалар туралы мәселелер жайлы кеңес беруден бастады, кейіннен оның қатысуы Қазақстан Республикасының Парламентің заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасына қатысуға ұласты. Жетімдер проблемалары Әйгерімді докторантураны оқуға итермеледі. Ол өзін қызықтыратын тақырып бойынша білімінің шектеулі екенін және нақты тәжірибелерде белгісіздік бар екенін түсінді, соған байланысты көп мәселелер туындайтынына көзі жетті.


Сассекс университетінде жүргізген зерттеу жұмыстарының арқасында Әйгерім ұйымшылдық, тәртіптілік және сынап ойлау сияқты құнды дағдыларды үйренді. Оның әртүрлі тақырыптардағы білімі кеңейді, соның ішінде экологиялық мәселелер, жыныстық айырмашылықтар және сөз бостандығы. Әйгерім үшін сөз бостандығы - бұл екі жақты сапалы ақпарат, бірақ әлеуметтік желілерде жиі кездесетін әлсіз дәлелдерге негізделген пікірталастар емес.

Мектеп оқушылары мен студенттердің қамын ойлап, Қазақстанның білім беру жүйесін қайта қарастыру керек деп санайды Әйгерім. Тәрбиешілер мен көшбасшылардың менталитеті мен шешім қабылдау жолдары өзгерістерден өту қажет. Барлық білім беру бағдарламалар әділеттілік, теңдік (оның ішінде гендерлік те бар) және инклюзия сияқты құндылықтардың негізінде құрылуы керек. Ғылыми жұмыстар тек жоғары оқу орындарында ғана емес, сонымен бірге бүкіл қоғамда бизнесмендер мен шенеуніктердің қатысуымен қалыптасуы керек деп санайды Әйгерім. Оның Қазақстандағы және Ұлыбританиядағы ғылыми-зерттеу тәжірибесі жергілікті білім беру саласындағы бірқатар мәселелерге көздерін ашты. Мысалы, Қазақстанда пост-докторлық жұмыс орындар саны өте шектеулі, бар позициялардың өзі әділетсіз жолмен беріледі.

Англияда оқып жүргенде Әйгерім «Отбасы академиясы» қоғамдық қорындағы жұмысын қашықтықтан жалғастырды, бұл оған Қазақстандағы туған жерінде болып жатқан оқиғалардан хабардар болуға және ЮНЕСКО мен Қазақстан үкіметінің демеушілігімен жүргізілген зерттеулерге қатысты жобаларға қатысуға мүмкіндік берді.

2017-2018 жылдары Әйгерім қатысқан жобалардың бірі ЮНЕСКО мен Қазақстан Республикасы арасындағы 2016-2020 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы бойынша «Балаларға қолайлы әлеуметтік орта - бала күтімі жүйесін қайта құру» деп аталды. Жобаның басты мақсаты - Қазақстанның аймақтарында балаларды институтсыздандыру бойынша зерттеулер жүргізу және оны Парламент пен Білім және ғылым министрлігіне ұсыну болды. Тренинг аясында қатысушыларға балалар үйлерін Отбасын жоспарлау орталықтарына айналдыру және осы Орталықта қызмет көрсету туралы ақпарат берілді.

Бұл жоба 2019 жылы елдегі балалар үйлерін Балаларды қолдау орталықтарына айналдыру процестерінің басталуына әсер етті, онда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға дәстүрлі қорғаншылық қызметтерін ұсынумен қатар әлеуметтік жетімдіктің алдын-алу және отбасыларымен жұмыс жасау бойынша қызметтер ұсынылуы керек; сонымен қатар патронат отбасыларды дайындау және қолдау.



2019 жылы Әйгерім қатысқан екінші жоба - бұл отбасы институтын нығайтуға және отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған бірқатар әлеуметтік жобалар. Бұған Қазақстан Республикасының Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» мемлекеттік жобасы бойынша Қазақстанның тоғыз аймағында әлеуметтік қызметтерді қалыптастыру кірді. Жобаның мақсаты - Қазақстандағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне, ана мен балалық шақты қорғауға бағытталған отбасылық қатынасты дамыту. Жоба барысында 855 консультациялар жүргізіліп, 155 қолайсыз отбасыларға қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, Қазақстанның тоғыз облысында жаттықтырушылар үшін отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу, балалар арасындағы суицид пен қорқытудың алдын-алу және репродуктивті денсаулық тақырыбында тренингтер өткізілді. «Менің болашақ отбасым», «Бақытты отбасыға 5 қадам», «Бақытты отбасы құпиялары», «Саналы ата-ана» сияқты тегін курстармен бірге «Онеге» білім беру порталы құрылды және іске қосылды. Психолог-сарапшылар саналы неке, отбасында үйлесімді қарым-қатынас құру және саналы түрде тәрбиелеудің әр түрлі мәселелері бойынша вебинарлар өткізді. Вебинарлардың жазбалары әлеуметтік желілерде (Facebook және YouTube), сондай-ақ жоба сайтында ақысыз жарияланды.


Әйгерім өзінің мансабын Қазақстандағы академиялық қызметте құрғысы келеді. Оның жұмыс тәжірибесі ҮЕҰке академиялық зерттеулер мен практикалық зерттеу дағдыларынан тұрады. Ол балалар арасындағы гендерлік мәселелер бойынша докторантурада ғылыми зерттеулермен айналысқысы келді, бірақ COVID-19 пандемиясына байланысты ол өзінің зерттеулерін кейінге қкалдырды. 5-10 жыл уақыт ішінде Әйгерім өзін Қазақстанда және тіпті шетелде оқытушы және зерттеуші ретінде көреді, өйткені сынап ойлауды батыс елдерінде жақсы қабылдайды.


Әйгерім Қазақстандағы әлеуметтік өзгерістерге үлес қосқысы келеді, әсіресе қазіргі заманға сай емес стигмалар мен консервативті құндылықтарды өзгертуге септігін тигізкісі келеді. Ол қоғамның барлық адамдар діни, ұлттық, саяси, жастың, физикалық, жыныстық айырмашылықтарға қарамай тату өмір сүретін инклюзивті қоғам құруымыз керек деп ойлайды. Зерттеудің негізгі аудиториясы балалар мен балалармен жұмыс жасайтын ересектер екенін ескере отырып, Әйгерім балаларды ерте жастан бастап инклюзивтілік, әділеттілік және теңдікке үйрету керек деп санайды.



Әйгерім болашақ түлектерге бірнеше кеңес бергісі келеді: санамен шешім қабылдау, докторантураға түсуге себеп болған факторларды жазу, осы мотивтерді есте сақтау және жауапкершілікті толығымен өз мойнына алу. Жауапкершілік пен мотивация өте маңызды, өйткені докторантура - ұзақ және күрделі процесс. Айгерім академиядағы қиын кезеңдерде еске салатындай етіп мотивациялпр тізімін көз алдында тұратындай етіп іліп қоюды ұсынады. Әйгерім өзіне көмектескен лайн-хактармен бөліскісі келеді. Ол өзінің докторлық зерттеулерін балаға екі қабат болумен салыстырады: белгілі бір уақыт өткеннен кейін кейін шегінуге болмайды және тезис / бала босанудан басқа ештеңе қалмайды. Докторантураны бітіру үшін оған балаға сияқты ата-ананың зор жауапкершілігімен қарау керек.

Әйгерім әр диссертацияның ерекше болатындығын және ешбір жағдайда сіз өз зерттеулеріңізді басқалармен салыстыруға болмайтындығын баса айтады. Докторанттар өздерінің қамын ойлап, дұрыс ұйықтап, оқу үзілістерін алып, денсаулықтарын тексеріп және дұрыс тамақтанып отырулары қажет.Кез-келген кішкентай және үлкен жетістік үшін өзіңізді мақтаудың маңызы зор. Әйтпесе, эмоционалды және физикалық хәлге немқұрайлылықпен қарау психикалық проблемаларға әкелуі мүмкін және докторантура өз құндылығын жоғалтады. Әйгерімге Ұлыбританияда оқып жүргенде қатерлі ісікке дейінгі диагноз қойылып, оған кішігірім хирургиялық операция жасалы, жиі медициналық тексерулерден өтуге тура келді. Осы денсаулық жағдай Әйгерімді өміріндегі құндылықтарды қайта бағалауға мәжбүр етті және диссертацияның өмірдегі ең маңызды нәрсе емес, бірақ өмірдің бір ғана бөлігін алатынын түсінді. PhD диссертациясы мінсіздікті талап етпейді, оны жазуды талап етеді.

Чтобы комментировать, зарегистрируйтесь или авторизуйтесь