Докторантура - үлкен мәртебе

Докторантура - үлкен мәртебе

Др. Диана Көпбаева Ньюкасл Университетінде алған тәжірибесімен бөліседі. Оны тыңдағанда, ғылыми зерттеулерге деген сүйішпеншілігі, және постсоветтік елдерде ұлттың құрылуы атты өз тақырыбына махаббаты сезіледі.


Доктор Диана Көпбаева - әлеуметтанушы және посткеңестік кеңістіктегі мемлекет құру мәселелерін зерттейді. Оның ғылыми қызығушылығы посткеңестік кеңістіктегі ұлтшылдық, ұлт құру, постколониализм сияқты тақырыптарды қамтиды. Диана әлеуметтану ғылымдарының докторы дәрежесін Ұлыбританияғы Ньюкасл Университетінде алған. Ол былтыр оқуды бітіріп келгеннен кейін, Назарбаев Университетіндегі ғылым және технологиялар мектебінде сабақ береді.



Диананың докторантураға түсу шешіміне төрт негізгі себеп септігін тигізді. Біріншіден, Диана білім саласының дамуына үлес қосқысы келді. Диананың айтуынша, докторантура - бұл үлкен жетістік. Докторант өзінің ғылыми ізденістерімен қатар, ғылыми жаңа ашулар жасауға дейін қол жеткізе алады. Докторанттың ғылыми зерттеулерін әр түрлі саланың мамндары өздерінің академ жұмыстарында қолданулары әбден ықтимал. Дианаға түрткі болған екінші себеп - оның зерттеу тақырыбына деген қызығушылығы және оқуға деген құштарлығы. Диананың айтуынша PhD тезис тақырыбы өте қызықты болуы керек себебі өмірдің бес жылын қызықсыз нәрсені зерттеуге жұмсау босқа ғой. Сонымен қатар, Диананың ішкі интеллектуалды қызығушылығы оны үнемі білімдер мен жаңалықтарды іздестіруге итермелейді және ғылыми-зерттеу қызметімен айналысу бұл қызығушылықты қанағаттандырады. Диананың педагогикалық кәсібімен айналысуға деген ұмтылысы оның докторантураға түсуіне тағы бір қосымша мотиві болып табылады.


Диана басқа елдердің ішінен Ұлыбританияны таңдады өйткені британдық білім халықаралық деңгейде абыройлы дәрежеде және ғылымның жоғары сапасымен танылған. Диана докторантурасын бітірген Ньюкасл университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының беделі жоғары. Диана оқыған кафедрасында әлеуметтанудың кәсіби және сарапшылардың мықты командасы бар, ал Диананың супервайзерлеры оның докторлық зерттеулеріне қатты қызығушылық танытты.


Диананың оқуға түсу процессі қиындық тудырмады. Диана айтқандай, оқуға түсудегі ең маңызды шарт - докторантурадан не қалайтыныңызды, нені зерттегіңіз келетініңізді нақты білуіңіз керек. Егер сізде осы сұрақтарға жауаптар болса, келесі қадам - ​​университет пен супервайзерді іздеу. Әрі қарай, сіз өзіңіздің идеяларыңыз бен ойларыңызды қағазға ғылыми ұсыныс түрінде (research proposal) жазасыз да, супервайзермен зерттеуіңіз жайлы байланыста болуыңыз керек. Диана оқуға түсуден бір жыл бұрын, болашақ супервайзелермен бірнеше ай келіссөздер жүргізіп, зерттеу жобасын дайындауға кірісті.



Доктор Көпбаева болашақ және қазіргі докторанттарға уақытты басқару дағдыларын дамытуға кеңес береді. Докторантураны сәтті бітіру үшін студент өз уақытын жоспарлауы қажет. Ұлыбританияда докторанттар әдетте көп дәрістерге қатыспайды. Докторанттар өз уақыттарының көп бөлігін кітапханада мен зертханаларда өздерінің зерттеулерімен жасаумен өткізеді. Олар семинарлар мен конференцияларға да қатысады. Бұған қоса, олар бірнеше семестрлерде сабақ берулері мүмкін. Супервайзелермен тұрақты кездесулерге барып, оған алдын-ала жақсы дайындылап барған жөн. Докторант академияда жиі болып тұратын оқу жоспардың кідірістер мен ысқырықтарға дайын болуы керек. Сіз барлық істеріңізді жоспарлап кестеңізге сыйғызып, сонымен қатар жұмыс пен жеке өмір арасындағы балансты табу өте мағызды болып табылады.


Диананың докторанттарға арналған екінші кеңесі - зерттеу дағдыларын дамыту. Докторанттар кітапханалардан және ғаламтордан әдебиеттерді іздеу дағдыларын үйреніп, деректерді талдау үшін компьютерлік бағдарламаларды қолдана білуілері керек. Сондай-ақ, зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қандай дағдылар қажет болатынын мүмкіндігінше ертерек анықтау маңызды. Бұл мәселе бойынша супервайзерлер кеңес бере алады. Мысалы, көптеген университеттерде докторанттардың зерттеушілік дағдыларын үйретуге арналған арнайы бағдарламалар бар. Зерттеу дағдылары бойынша тренингтер мен семинарларға қатысу өте пайдалы.

Үшінші кеңес ретінде Диана докторантураны сабақ ретінде емес, таңертеңнен кешке дейін істейтін жұмыс ретінде қарастыруды ұсынады. Демалыс күндері де бірнеше сағаттық жұмысқа дайын болыңыз. Докторанттарда демалыс бар, бірақ олар әдетте ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналыса береді. Мысалы, олар әдебиеттерді оқиды, мақалаларды жазады, деректерді талдайды және үнемі зерттеу туралы ойланады.



Докторантурадағы барлық қиындықтарға қарамастан, Диана өзінің ғылыми өмірін өте жақсы көреді. Зерттеуге деген сүйіспеншілік оқуды жалғастыруға және алға ұмтылуға итермелейді.

Ұлыбританиядағы өмір Диана үшін таңқаларлықтай емес өйткені ол осыған дейін бұл елде бірнеше рет болған. Ол Англиядағы күнделікті өмірден ұнататын бірнеше нәрсені атап өткісі келеді. Біреуі - кез-келген жерде, мысалы, аялдамада, лифтте немесе фойеде естілетін ауа-райы немесе демалыс күндері туралы әңгімелер. Көшеде бейтаныс адаммен әңгіме-дүкен құрұ Ұлыбританияда қалыпты жағдай. Бұл коммуникативтік дағдыларды дамытуға көмектеседі. Тұманды Альбионда өткізген күндердің екінші сүйікті сәті - сыпайылық күнделікті өмірдің нормасы. «Рақмет» және «кешіріңіз» сияқты тіркестер әр сәтте естіледі, ал Қазақстанда бәрі басқаша. Диана сыпайылық барлық қоғамда болуы керек деп санайды. Англиягың ауа-райысы жылы қысымен және ыстық емес жазымен Дианаға қатты ұнайды. Жыл бойы ауа температурасы күрт өзгеретін Қазақстанмен салыстырғанда, Ұлыбританиядағы жұмсақ климат арқасында таза ауада ұзақ серуендеуге болады. Жауын-шашын Диана үшін қиындық тудырмайды, өйткені ол жаңбырлы ауа-райын жақсы көреді. Жыл бойы жаңбыр жиі жауады, сондықтан ауа өте ылғалды, тіпті теріге пайдалы.

Ұзақ уақыт бойы жұмыс жасау, жеке жауапкершіліктің зор болуы және докторантураның сәттілігі тек докторантқа байланысты болуы шиеленіс сезімін тудырады да, адамның эмоционалды күйіне кері әсер етеді. Аса стрессты кездерде Диана эмоционалды күйзеліске ұшырай бастады. Бірінші болып демеу көрсеткен оның супервайзерлері болды. Олар оған қолдау көрсетіп, оқу процесі кезінде күйзелісті сезіну және көмек сұрау қалыпты жағдай екенін түсіндірді. Дианаға докторанттарға арналған университет арнайы ұйымдастырған стресстен шығу семинарларына қатысудың сәті түсті. Қиындықтар туралы достармен, әсіресе психологпен ашық сөйлесу өте пайдалы. Студенттердің психологиялық денсаулығы академиялық ортада жиі стигмаға ұшырағанына қарамастан, денсаулығыңыз туралы ойлау және уақытында көмекке жүгіну өте маңызды деп санайды Диана. Ұлыбританияның көптеген университеттері студенттерге ақысыз және құпия психология қызметтерін ұсынады. Диананың жеке тәжірибесінен алғанда, пайдалы тамақтану, жеткілікті ұйықтау, спортпен айналысу, таза ауада уақыт өткізу, достармен араласу сияқты қарапайым әдеттер физикалық және психологиялық денсаулықты сақтауға көмектеседі.




Қазақстанға оралғаннан кейін, Диана мәдени есеңді айтарлықтай сезген жоқ себебі жұмыс іздеу мен волонтерлік жұмыстармен бос уақыты болмады. Сонымен қатар, үйге келгеннен кейін көп ұзамай ол Назарбаев Университетінде жұмыс істей бастады, онда ол ағылшын тілді шетелділіктер және академиктердің ортасында болды. Әрине, Диана Англияда оқып жүргенде достасқан достарын үлкен жылулықпен еске алады.


Диана Ұлыбритания мен Қазақстанның жоғары білім беру жүйелері арасындағы байқаған үш негізгі айырмашылықты атап өтті. Диана қазақстандық және британдық университеттерін студент ретінде және педагогикалық көзқараспен қарастыра алады. Оның пікірінше, оқыту мен ғылыммен айналысу - бұл Ұлыбританияның білім беру саласындағы ажырамас ұғымдар. Бакалавр немесе докторант болсын, олардан өздігінен оқуы керек деп күтілуде. Супервайзерлер студенттерге өз пірілерін айтады, бірақ әрі қарай оқу, зерттеу және білім алу толықтай студенттің міндеті. Диана он шақты жыл бұрын Қазақстанда сабақ бергенде, студенттердің үлгеріміне мұғалімдер жауап беретін. Диана семинарлардағы пікірталастарды арттыру үшін көп уақыт жұмсайтын, көбінесе пікірталасқа студенттер немқұрайлы көзқараспен қарайтын. Сонымен қатар, мұғалімдер студенттерді емтихандарға дайындауға көп уақыт жұмсайды, өйткені мұндай дайындықсыз студенттердің саны азайып, университетке кері әсер етеді. Диана студент өзінің оқуына өзі жауап беруі керек деп санайды. Бұл жағдай бұрын болған және қазіргі жағдай жақсы жаққа өзгерді деп үміттенеді Диана.

Диана байқаған екінші айырмашылық - Ұлыбританиядағы университеттерде әр пікірді құрметтейді және әр көзқарас ескеріледі. Профессорлар мен сыныптастар студентті сыйластықпен тыңдайды. Топтық пікірталастар оқушыны өз ойын жеткізе білуге, дәлелдер құруға және басқалардың көзқарасын құрметтеуге үйретеді. Сонымен қатар, профессорлар оқытушылардан гөрі модератор ретінде болады. Олар проблемаға сынап қарау және өз идеялары мен пікірлерін басқаларға жеткізуге үйретеді. Диана Ұлыбританияда мұғалім мен студент арасындағы қарым-қатынаста иерархия аз және теңдік көп екенін атап өтті.

Университетті таңдау кезінде Диана болашақ докторанттарға университеттің атауына емес, зерттеудің өзіне назар аударуды кеңес береді. Университеттің беделі маңызды болғанымен, белгілі бір мектептің, кафедраның беделі әлдеқайда маңызды, өйткені докторант өзінің зерттеуін сол жерде жүргізеді. Мысалы, Ньюкасл университетінің әлеуметтану мектебі оқытудың керемет сапасын көрсетеді және беделді Рассел тобының құрамына кіреді. Диана үшін университет таңдаудағы маңызды сәт әлеуметтану мектебінде оның ғылыми қызығушылықтары саласында арнайы ғылыми кластерлер мен семинарлардың болуы болды.

Сонымен қатар, Диана болашақ докторанттарға университеттің веб-сайттары арқылы докторантура бағдарламалары туралы ақпаратты белсенді түрде іздестіруге, өздерінің магистранттары және / немесе бакалавриат профессорларымен кеңесіп, қызығушылық танытқан факультеттің немесе мектептің бітірушілері туралы сұрауға кеңес береді. Мысалы, LinkedIn немесе Facebook сияқты әлеуметтік желілер арқылы сіз түлектердің контактілерін таба аласыз.

Дианадан болашақ докторанттарға арналған соңғы, бірақ маңызды кеңес - ғылыми жетекші таңдауға байыпты қарау, өйткені ол студенттің өзінен кейінгі маңызды адам. Диана оқуын ойдағыдай аяқтауда супервайзерлердің біліктілігі, кәсібилігі және қолдауы маңызды рөл атқарды. Сонымен қатар, әйгілі профессорды ғылыми жетекші ретінде таңдау кезінде тәуекелдерді де ескеру керек, ол докторантпен өз жұмысын талқылау үшін кездесуге уақыты жетпеуі мүмкін. Ғылыми жетекшімен үнемі кездесу, оның барысында докторант өзінің зерттеулері туралы құнды пікірлер алады, бұл оқу үлгерімі үшін өте маңызды. Зейнеткерлікке шығуға жақын ғылыми жетекшіні таңдауға болмайды, өйткені оның орнын басатын адамды іздеу қаупі бар, бұл докторантқа қосымша стресс тудырады. Жетекшімен қарым-қатынас өте маңызды. Жетекшімен сенімді серіктестік қарым-қатынас орнату керек, Диана өзінің жетекшісін алдын ала білетін және олар бір-бірімен досшыл қарым қатынаста болатын. Диана екінші жетекші туралы басқа студенттер мен оқытушылардан естіген. Диана мен оның жетекшілері бір біріне жылулықпен қарайды.

Чтобы комментировать, зарегистрируйтесь или авторизуйтесь