Ұлыбританиядағы Қазақстан PhD қауымдастығына ВОЛОНТЕРЛАР керек!

Ұлыбританиядағы Қазақстан PhD қауымдастығына ВОЛОНТЕРЛАР керек!



Егер сіз өршіл, жігерлі және жаңа мүмкіндіктерге ашық адам болсаңыз, онда біз сізді Ұлыбританиядағы Қазақстандық PhD Қауымдастығы ұйымдастырған форумда күтеміз. Тұрақты даму және инновациялар жөніндегі Үшінші Орталық Азия Ғылыми Форумы сіздің көмегіңіз бен құзыретіңізді қажет етеді, сонымен қатар сізге жаңа дағдыларды үйренуге және байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік береді.

Қашан?
Көктем 2021
Қайда?
Лондон, Ұлыбритания

Орнықты даму жөніндегі ғылыми форум - бұл біздің Ұлыбританиядағы докторанттарымыздың идеяларымен рухтандырылған, Қазақстан мен Орталық Азияның барлық тұрғындарының өмір сүру сапасын едәуір жақсарту және аймағымыздың тұрақты және лайықты дамуын қамтамасыз ету мақсатындағы жалғыз ғылыми-тәжірибелік шара.

Сіз форумнан қандай пайда аласыз?
- Нетворкинг. Танымал академиктермен және табысты бизнесмендермен байланыс орнату. Форумға қатысушалыр арасында болатын қонақтар: академия мен өндіріс әлемінің жоғары деңгейлі кәсіпқойлары мен менеджерлері, Ұлыбританияның жоғары оқу орындарының профессорлары, Ұлыбритания үкіметінің мүшелері және дипломаттары, Орталық Азия елдерінің елшілері, Қазақстан Республикасының үкіметі мен ұлттық компанияларының өкілдері.
- Ивент менеджмент. Іс-шараларды жоғары деңгейде басқару тәжірибесі.
- Fundraising, team-building және communication skills дағдыларын дамыту.
- Прессамен жұмыс жасау шеберлігі.
- Сертификаттар және/немесе мемлекеттік, бизнес және ғылыми құрылымдардың танымал мамандарынан алынған ұсыныс хаттар.

Сіз қалай көмектесіз?
Лондондағы волонтерлар тобы Форумның ұйымдастырушыларымен тығыз жұмыс жасайды және негізгі міндеттерді бірлесіп орындайды:
- Жобалық фандрэйзинг.
- Форум қонақтарына маршруттарды координациялау.
- Қазақстан мен Ұлыбританияның жоғары мәртебелі қонақтарын қарсы алу.
- Форум кезінде кампуста қонақтарға ілесіп жүру.

Ұлыбританиядағы Қазақстан тарихының бір бөлігі болыңыз!
Біздің команда сіздің түйіндемеңізді осы электрондық пошта арқылы күтеді: info@kpauk.org.

Чтобы комментировать, зарегистрируйтесь или авторизуйтесь