Адамның көзі - маған тартымды

Адамның көзі - маған тартымды

Мұхит Құлмағанбетов, Кардифф университеті, Офтальмология саласында PhD кандидаты, Оптометрия және көру ғылымдары мектебі. Мұхит Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты мен Кардифф университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға септігін тигізді. Меморандумның мақсаты - клиникалық, білім беру және ғылыми-зерттеу қызметіндегі әлеуетті стратегиялық серіктестіктер аймағын зерттеу. Стратегиялық құжатта бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеу, семинарлар, курстар мен конференциялар өткізу, зерттеушілер мен студенттермен алмасу, сонымен қатар оқу материалдары мен басылымдармен алмасу сияқты мақсаттар қамтылған.

Дәрігер болу үшін туылған

Мен Қарағандыда, ата-анам медициналық университетте оқып жүрген кезде, туылдым. Менің отбасымның көп мүшелері - дәрігерлер мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері. Біздің әулиетте медицинаны таңдау дәстүрге айналғандықтан, мен өзімді басқа салаларда көрмедім.



Мен Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетін (ҚазҰМУ) өзімнің Alma Mater ретінде таңдадым, өйткені менің консервативті отбасым менің шетелде білім алуымды қаламады. Малайзиядағы «Болашақ» халықаралық стипендиясымен қаржыландырылатын оқу орнынан бас тартуыма тура келді.



Мен ҚазҰМУ-да оқығаныма ешқашан өкінген емеспін, бұл еліміздің ең көне медициналық университеті ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы ұлттық мәртебесі бар жалғыз университет. Қазіргі уақытта мен Кардифф Университетінің Оптометрия және Көру ғылымдары мектебінің PhD кандидатымын. Менің докторлық диссертациямның тақырыбы «Көздің торлы қабығының нейродегенеративті ауруларын оптикалық когерентті томографияны және жасанды интеллектті пайдалана отырып ерте анықтау».

Офтальмология менің бірінші мамандық таңдауым емес еді. Бастапқыда мен нейрохирург болғым келді. Алайда, төрт жылдан кейін адамның көзі мені қызықтыратынын түсіндім. Мамандығымның өзгеруіне тағы бір себеп болды. Бұл нейрохирург болып жұмыс істеген кезде, менің ментальды денсаулығыма әсер етті. Ауруханада бірнеше өлім жағдайына куә болу мен үшін өте ауыр болды. Сол кезде мені Көз институтына шақырып, елдің ең жақсы офтальмологтарымен зерттеу жүргіздім. Бұл мен үшін өмірді өзгерткен сәт болды. Барлығы мен күткеннен жақсы болып шықты.





Қазақстандағы офтальмология

ККлиникалық офтальмология Қазақстанда да, Ұлыбританияда да бірдей деңгейде дамыған. Технологиялық даму, операциялар мен емдеу стратегиялары екі ел арасында күрт ерекшеленбейді. Алматыдағы кейбір хирургтардың Кардиффтегі әріптестеріме қарағанда бәсекеге қабілетті екенін мен мойындаймын. Алайда, зерттеуді қаржыландыруда Ұлыбритания әлдеқайда алда. Ұлыбритания үкіметі ғылыми зерттеулер мен инновацияларға қомақты қаражат жұмсайды, ал Қазақстанда зерттеу әлеуетін дамытудың жүйелі стратегиялары жоқ. Бұл басты проблема. Қазақстан кадрлық әлеуеті жағынан дамыған елдермен халықаралық аренада бәсекелес бола алады.



Профилактикалық шаралар

Біріншіден, офтальмологқа жылына бір немесе екі рет баруға кеңес беремін. Екіншіден, кеңседегі отырықшы жұмысты мен ашық ауада белсенділікті баланста болуы маңызды. Қазіргі кезде адамдардың көпшілігі кеңселерде немесе зертханаларда жұмыс істейді және компьютер экранының алдында көп уақыт өткізеді. Көзге арналған жаттығулар жасау үшін әр сағат сайын 5 минуттық үзіліс жасауға кеңес беріледі (YouTube-те жетіп жатыр).



Жас маңызды

ВЕгде жастағы адамдар үшін көздің өзгерістері 40-50 жас аралығында басталады. Бұл процесс қайтымсыз. Жақсы жаңалық - емдеудің бірқатар нұсқалары, соның ішінде хирургиялық араласу. Сондай-ақ, біз салауатты өмір салтын ұстану, пайдалы тағам, қоспалар мен витаминдерді тұтыну арқылы жасқа байланысты көз патологиясының басталуын немесе ұзарта аламыз. Осыған қарамастан, ауруды емдеуден гөрі алдын-алу жақсы: офтальмологқа барып, денсаулығыңызға бақылау жасап, жеке рецепт алыңыз.

Глаукома - соқырлық

ГГлаукоманың басқа көз ауруларынан айырмашылығы көп. Глаукома - бұл қайтымсыз және көру қабілетінің бұзылу прогрессивті қауіпті ауру. Сонымен қатар, бұл өте кең таралған жағдай және эпидемиология тұрғысынан соқырлыққа әкелетін алғашқы үш ауруға жатады.

Шамамен 57 миллионнан астам адам бастапқы ашық глаукомадан зардап шегеді, бірақ бұл аурудың бір нұсқасы. Глаукоманың көптеген басқа түрлері бар және олардың көпшілігі басқа көз немесе жүйелік аурулармен қатар жүреді.

Менің үлесім

MPhD докторлық жобалардың көпшілігі білімге үлес қосады. Менің жағдайымда біз машиналық оқыту құралдарын офтальмологияға енгізу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Біздің алгоритмдеріміздің болашағы зор екенін көрсету және дәлелдеу үшін біз жұмыс жасадық. Болашақта жұмысымыздың адамдарға көмегі тиіп жатқанын біз көреміз деп үміттенемін.



Офтальмологияның болашағы

Т Қазіргі даму технологияның медицинада біртіндеп интеграцияланып жатқанын көрсетеді. АИ-ға негізделген бағдарламалар, нанороботтар және гендік инженерия офтальмологияны дамытудың келесі сатысы болып табылады.



Чтобы комментировать, зарегистрируйтесь или авторизуйтесь