Данияр Алдабергенов Қазақстандағы фармацевтикалық ғылымды дамытуға апарар жолы жайлы

Данияр Алдабергенов Қазақстандағы фармацевтикалық ғылымды дамыту жайлы

Данияр Алдабергенов King's College London университетінде PhD кандидаты ретінде фармацевтикалық және қатерлі ісік ғылымдар саласында зерттеулер жүргізеді. Данияр өзінің білімі мен тәжірибесімен Қазақстандағы фармацевтикалық ғылым мен өнеркәсіптің дамуына үлес қосқысы келеді.

Мен бала кезімнен бастап еңбекқор және орнықты бала болдым. Алғашқыда ата-анама айтпай, емтиханды тапсырып түскен дарынды жігіттерге арналған Қазақ-Түрік Лицейін 2010 жылы бітіріп шықтым.

Лицейде оқып жүрген кезімде, мен шетелге оқуға барып, медицинаға қызығушылығым пайда болды. АҚШ орта мектептерінде оқыту әдістемесі өзгеше себебі оқушыларға пәндерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Оқуға бейімделу мақсатымен, мен Қазақстанда оқытатын химия, биология және физика пәндерін таңдадым. Біз мектеппен бірге жиі экскурсия мақсатымен емханаларға баратынбыз және хирург және басқа медицина сарапшыларды мектепке өздерінің жұмыстары мен біз мектепте өткен тақырыптар жайлы айтып беруге шақырылатын.

АҚШ мектебінен өзімнің КТЛ Лицейіме оралғаннан кейін мен хирург болғым келетінімді түсіндім және ҰБТ-ға (Ұлттық Бірыңғай Тест) дайындала бастадым. Сол жылдарда Назарбаев Университетінің (НУ) ашылуы жоспарланған болатын және мен сыныптастармен бірге НУ-ға ілігіп кетуге шештік. 2010 жылдың жазында мен екі маңызды жаңалық білдім: мен НУ-ға қабьлдандым, алайда АМУ (Астана медицина университеті) грантын ала алмай қалдым. Бұл менің маңдайыма жазылған болған шығар.



Үшінші курстың соңына қарай (5 жылдық программа) біз NU медицина мектебіне ең жоғары MCAT (Медициналық Анықтама Қабылдау Тесті) және GPA нәтижелерін көрсеткен студенттер ғана өтетіні жайлы білдік. Өкінішке орай, құрбыларымның көбісі өтпей қалды: әрбіреуін танимын және еңбекқорлықтығы және талпыныстары үшін бас иемін.

НУ-дың 1-ші және 2-ші курстарында оқып жүрген кезімде, неге біздің Мектепте (Кафедрада) фармацевтикалық бағыт жоқ деген сұрақтар менің ойымда жиі туындайтын. Себебі бұл сала дәрілердің жасалуы мен өндірісін, олардың фармацевтикалық қасиеттері мен фармакологиялық процестерін, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерді және жанама әсерлерді қамтитын тұтас әрі өте маңызды ғылым болып табылады.

Сонымен, биология ғылымдарының бакалавры дәрежесін алғаннан кейін, өмірдімдегі ғылыми тұрғыдан маңызды шешім қабылдауға тура келді. Сөйтіп, мен алдыма фармацевтика саласын дамыту мақсатын қойдым. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетін Техникалық ғылымдар саласында магистр дәрежесін тәмәмдағаннан кейін, мен өз таңдауымның дұрыс екендігіне күмән келтірмедім және таңдалған бағыт бойынша әрі қарай іс-әрекет жасадым.

Докторантураға түсер алдында, мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-да (әрі қарай кәсіпорын) жұмыс істедім және қазіргі уақытта оқуға орай академ демалыстамын. Бұл кәсіпорын дәрілер мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік сараптамалық ұйым болып табылады. Қызметтің негізгі бағыттары - дәрілер мен медициналық бұйымдарды сараптау, Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілер мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау, сондай-ақ, мемлекеттік монополиямен технологиялық байланысты 9 функция бар. Біз Еуропадағы Еуропалық Дәрі-дәрмек Агенттігіне (EMA) немесе АҚШ-тағы Азық-түлік пен Дәрі-дәрмекпен Күрес Басқармасына (FDA) ұқсайды. Қосымша ақпаратты мына сайттан білуге болады: www.ndda.kz.

Менің диссертациямның тақырыбы: «Жаңа инесіз медициналық терінің жасушааралық сұйықтығында опиоидты алмастырушы терапия заттарын анықтауға арналған өнім». Зерттеудің маңыздылығы - бұл өнімді инвазивті емес қолдану арқылы науқастар арасындағы өлім-жітімді азайту және ағзадағы заттардың концентрациясын бақылау. Мысалы, статистикалық талдауды қолдану, 3D басып шығару мен дифференциалды импульстік вольтамметрия саласын зерттеу, клиникаға дейінгі зерттеулер - мұның бәрі Қазақстан Республикасындағы дәрілер мен медициналық бұйымдарды сараптаудың сапалық жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді, сонымен қатар жалпы отандық өндірісті жақсартады. Өкінішке орай, университеттің саясатына сәйкес өз зерттеулерім туралы менің толық ақпарат беруге құқығым жоқ. Мені зор тәжірибелері мен білімдері бар үш ғылыми жетекшілерім мені барынша қолдайды. Солардың арқасында мен фармацевтикалық ғылымдар бойынша ой-өрісімді тереңдетіп жатырмын.

Мен Қазақстан Республиканың фармацевтика саласына үлес қосқым келеді. Ең алдымен, мен Қазақстанда фармацевтика өнеркәсібін дамытуға арналған бағдарламалар арқылы мемлекеттің медицина дамуына қатысқым келеді. Мен үкіметке қызығушылығы және біліктіліктері жоғары кадрлардың/мамандардың санын көбейтуге арналған бағдарламаларды дамытуға септігімді тигізер едім. Сондай-ақ, мен дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы бақылауды орнату арқылы шығарылатын дәрілер мен медициналық бұйымдардың сапасын жақсарту бағдарламаларын әзірлеуге қатысатын жоспарым бар. Мен өзімнің білім, тәжірибем және күш-жігерімді отандық өндірісті жақсарту мен ұлғайту, өнімнің сапасын бақылау жүйесіндегі қолданыстағы әдістерді жетілдіру үшін қолданар едім. Бұл үлкен жоспарымның бірнеше мысалдары ғана.

Қазақстан - жас және дамып келе жатқан ел, сондықтан бізге көп талпыну керек. Әрине, мен халықаралық сарапшы емеспін, бірақ фармацевтика саласындағы көшбасшы елдермен қатар болу үшін алға жылжу қажет.

Ұлыбританиядағы докторантура бағдарламасы өте қиын және оған түспес бұрын саналы түрде және сол салада жинақтаған тәжірибеден кейін ғана шешім қабылдау керек. Менің зерттеу жұмыстарым менің өмірімді түгел жаулап алған, мен оқу үрдісіне толықтай сіңіп кеттім. Демек, мен фармацевтика саласы бойынша өзімнің зерттеуімді жүргізу процесінен ләззат аламын.



Чтобы комментировать, зарегистрируйтесь или авторизуйтесь