«Самұрық-Қазына» АО-ның Жастар форумында Ассоциация мүшелерінің қатысуы

«Самұрық-Қазына» АО-ның Жастар форумында Ассоциация мүшелерінің қатысуы

Бүгін, Ассоциация президенті Әлия Сембаева және мүшесі Халида Ажигулова «Самұрық-Қазына» Жастар Форумының аясында өткен «Экономикалық тиімділік: қазіргі заманғы бизнес парадигмасы» тақырыбы бойынша Ассоциация атынан өз тәжірибелері туралы баяндап берді.

Тәжірибемізге сүйене отырып, қазақстандық жастарымыздың Ұлыбританияда, АҚШ-та, Канадада, және басқа да елдерде жоғары сұраныста екендігін айтуға болады. Біздің жас ғалымдар Шелл, Роллс-Ройс, Адидас сияқты өзге де ғаламдық индустриалды компанияларда жобаларды табысты жүзеге асырып, аталған компаниялардың дамуына үлестерін қосып келуде.

Алайда, біз өз елімізге оралуды, сондай-ақ отандық бизнес-компаниялдың тиімділігін арттыруға үлес қосуды көздейміз. Қазақстанға оралған жағдайда бізді ешкім құшақ жайып қарсы алмайтынын түсінеміз, алайда барлығы да жергілікті менеджерлердің тиімдігіне байланысты деп санаймыз. Осы ретте, әріптестіктің дамуына жағдай жасап жатқан басшыларға алғысымызды білдіреміз.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» АҚ-на, «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетіне, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ-на, Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Корольдігіндегі Елшісіне қолдаулары үшін алғысымызды білдіреміз.

Іс-шараға шақырғаны үшін Исмаилов Ербол мен Искендирова Сандуғаш басқаратын Әлеуметтік өзара іс-қимыл және байланыс орталығына да алғысымызды білдіреміз. Самұрық-Қазынаның жас, кәсіби және талантты кәсіпқойларымен танысуға мүмкіндік бергендеріңіз үшін алғыс айтамыз.

Біз, өз кезегімізде, тау-кен қалдықтарын кешенді басқару жобасы бойынша «Тау-Кен Самұрық» компаниясымен ынтымақтастық орнатудамыз. «Тау-Кен Самұрық» компаниясының басшысы Қанат Құдайберген мырзамен өткен кездесуде жоба бойынша алғашқы нәтижелерімізді 18 Наурыз күні біздің Форумда таныстырамыз деген келісімге келдік. Барлықтарыңызды біздің Ассоциация ұйымдастыратын іс-шарада күтеміз!!!

Чтобы комментировать, зарегистрируйтесь или авторизуйтесь