Консультативтік кеңес

Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов
Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі

Ерлан Әбілфайызұлы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастары инcтитутын (1981) және КСРО СІМ Дипломатиялық академиясын (1992) бітірген.

Е. Ыдырысов 10 жылдай Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін басқарған (1999-2002 және 2012-2017жж), 2002 жылдан бастап 2007 жыл аралығында Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінде, Швеция Корольдігіндегі және Норвегиядағы, сондай-ақ қосымша Ирландиядағы елшілігін басқарды, 2007-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штатындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және Бразилиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалған.

Ерлан Әбілфайызұлы 2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ Исландия мен Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып табылады.

Е.Ыдырысов Қазақстанның сыртқы саясаты жөніндегі бірқатар мақаланың авторы және мемлекеттік наградалардың иегері. Ағылшын, француз, урду және хинди тілдерін меңгерген.

Майкл Грин, PHD

Лафборо университетінің халық-аралық аға кеңесшісі

Доктор Майкл Грин Лафборо Университетінің халықаралық аға кеңесшісі. Оның рөлі университеттің көшбасшылық ұжымына стратегиялық әріптестік және тиісті елдердегі университеттер мен мемлекеттік ұйымдармен серіктестік қатынастар орнату бойынша кеңес беру болып табылады. Оның қарамағындағы елдерге Таяу Шығыстағы көптеген елдер, Индонезия, Түркия және 2018 жылдың маусымынан Орталық Азия елдері кіреді.

Лафборо университетінен бұрын Доктор Грин Лестер университетінде стратегиялық серіктестік директоры (2005-2018) ретінде халықаралық университеттермен, ғалымдармен және мемлекеттік лауазымды тұлғалармен байланыс құрды, Глазгодегі Джеймс Ватт Колледжінде және Ольстер университетінде (1993-2003) Халықаралық Даму Директоры (2003-2005) болып істеді. Ол сондай-ақ Британдық Кеңестің аймақтық кеңсесінде стипендия маманы және De Montfort университетінің халықаралық байланыс жөніндегі қызметкері болған.

Дрин Грин Египетология философия докторы (1979) және Ливерпуль университетін бітірген (1974). Сондай-ақ, Тринити колледжінің лицензиялық TESOL дипломын алды (1986).

Д-р Грин түрлі шығыстану ғылымдары бойынша 30 мақала мен шолулардың және төрт кітаптың авторы.