Біз туралы

Ұлыбританиядағы Қазақстан PhD қауымдастығы 2017 жылдың қараша айында құрылған, бұл қауымдастық Қазақстан мен Ұлыбритания елдері ғалымдарының ғылым мен білім салаларындағы ықпалдастығын арттыруды, сондай-ақ Қазақстанның қажеттілігін ескере отырып, тұрақты дамуға арналған ғылыми негіздегі жобаларды жасауды және оларды жүзеге асыруды көздейді. Бұл қауымдастық – бүгінгі таңдағы қазақстандық ғалымдардың шетелдегі аса ірі бірлестігі, оған Ұлыбритания мен Ирландияның ең озық университеттерінде білім алып жатқан докторанттар мүше.

Біздің мүшелеріміз қамтитын зерттеу салалары: инвестициялық, бизнесті басқару, брокерлік, қаржы, экономика, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, полимерлі химия, машина жасау, энергетика, құқық, гидрология, геология және ақпараттық технологиялар кіреді.

Біздің миссия
Қазақстан елінің және халқының игілігі үшін ең үздік әлемдік тәжірибені мен ғылыми әзірлемелерді енгізу
Біздің Мақсатымыз
Ғылыми, практикалық және инвестициялық құндылықтары бар қазақстан-британдық пәнаралық жобаларды әзірлеу, ұйымдастыру және жүзеге асыру

Ассоциация Мақсаттары

Байланыс
Қазақстан мен Ұлыбританияның ғылыми орталықтары, сала және бизнес құрылымдары арасында институционалдық байланыстарды орнату.
Жобалар
Қазақстандық бизнес пен индустрияның қажеттіліктері мен мүдделеріне арнай докторлық зерттеу жобаларын бейімдеу
Даму
Қазақстанның орнықты дамуына жәрдемдесу және ғылымды дамыту
Инвестицилар
Тұрақты даму жобаларына жаңа инвестициялар тарту